Министрлік Интернет 2 аптаға өшетіні туралы ақпаратқа пікір білдірді
24.04.2023 19:50
Мессенджерлерде 26 сәуірден 10 мамырға дейін интернеттің өшірілетіні туралы айтылған хабарлама таралып жатыр. |
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері пікір білдірді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
"Жаңа ғана дүкенге хабарлама әкелді. 26 сәуірден 10 мамырға дейін интернет мүлдем болмайды деді. Кімде электрон касса болса, калькулятор, таразы қойыңыздар. Халыққа қолма-қол ақша алуды ескертіңіз", — дейді аудиодағы әйел.
Бұл хабарлама Павлодар облысында таралғаны белгілі болды. Жергілікті цифрлық технология департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл — жалған ақпарат. Мұны Цифрлық даму министрлігі өкілдері де растады.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 20