ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Егер әкімі адам болса , Президент пайғамбар болады - Сәуле Әбілдаханқызы

21.04.2023 21:09
Опубликовано в Қаз




Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы тағайындалған әкімдер мықты болсы, президентті пайғамбар болатынын айтты.


Журналист қаңғыбас иттерге шыққан заң туралы да сөз қозғады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында:

Президент мырза!

Тағайындаған әкім-қараларыңыз ит болса, қаңғыбас иттер сіздің деңгейіңіздегі мәселе болады...

Тағайындаған әкім-қараларыңыз Адам болса, сізге иттің әңгімесін айтқызбайды, Адамдық деңгейдегі әңгімелерді айтқызар еді...

Ал, шындығына келсек, қазір баяғы Осман мен Орханның, Сүлейман мен Селимнің заманы емес қой — халықтың жағдайын білу үшін жай киімде жаяулатып базар, көше аралайтын... Қазір алақандай соткадан ауыл мен қалаңды ғана емес, бүкіл жер шарында не боп жатқанын көруге болады если шо...

Қайбір жылы "бұдан былай әкімдіктегілер белесебетпен жүреміз" деп байбек шыққан... "автобуспен жүрейік" деп ғұбайдошка шыққан... "самокатпен жүремін" деп нән шыққан... "жаяу жүреміз" деп бән шыққан... мұндай "жүрулер" уже қызық емес...

Жүріп, шаршамай-ақ қойыңыздаршы. Босқа өздеріңіздің де, халықтың да уақыты кетеді. Одан да осы әлемжеліде айтылып, жазылып жатқан мәселелерді-ақ шетінен шеше беріңіздерші. Уақыт та үнемдейсіздер, абырой да арттырасыздар...

Жалпы, ОСИ туралы, ит туралы т.б. айтқандарыңыз дұрыс. Айтудай-ақ айтып жүрсіз, оны орындайтын әкім-қаралар ит болмаса, Адам болса, орындайды ғой...

Жаңа мақал шығардым:

Егер әкімі ит болса, Президент мысық (тигр) болады,

Егер әкімі Адам болса, Президент пайғамбар болады", деп жазды.

"Болмайтын заңды шығарады да, бастары қатып журеді. Сол қағыбас иттердің құқығын қорғайтын заңды шығарып алып. Сау бастарынан сақина тілеп алды деген осы. Сол милиондаған ақшаны адамдарға жұмсамаска оданд да", "Басқасы бізде керемет. Осы ғана қалды", "Мақалыңыз ғажап екен", деп жазды желі қолданушылар.


var SVG_ICONS = ' ';