ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қазақстандық Олимпиада жүлдегері Азия чемпионатының финалына шықты

11.04.2023 18:03
Опубликовано в Қаз





2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық Эльмира Сыздықова Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ға сілтеме жасап.

Жартылай финалда ол Қытай балуаны Хуан Вангпен күш сынасты. 76 келі салмақ дәрежесінде өткен белдесуде біздің спортшы 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Эльмира Сыздықова турнирдің қазіргі чемпионы қырғызстандық Айпери Медетқызымен кездеседі.


var SVG_ICONS = ' ';