"Бұрынғы әйелдерімен, балаларымен араластырып тұрамын": Айнұр Тұрсынбаева қазіргі күйеуі жайлы
11.03.2023 10:32
Айтыскер ақын, мотиватор, психолог Айнұр Тұрсынбаева жеке өмірі жайлы ашып айтты. |
Тұрсынбаева қазіргі күйеуінің экс-әйелімен араласып, сыйлық жасайтынын жасырмады, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.
Айнұр Тұрсынбаева "Уақыт көрстеді" бағдарламасына жеке өмірі, шығармашылығы, Қазақстанға оралатындығы, әріптестері жайлы біраз дүниені бүкпесіз айтты.
- Бұрынғы отбасындағы балалармен араластырады екенсіз. Тіпті, сіз оларыд Стамбулға әкеліп киіндіріп, үйге қонақ қылады екенсіз. Бұрынғы әйелдерін де. Қай жеңгеміз екенін білмеймін, оларды үйге де қондырыпсыз, деп психологтың жеке өміріне қатысты сауал қойды журналист.
- Ер азаматының бақытын ойлайтын, баланың болашағын ойлайтын кез-келген адам солай жасайды. Бұрынғы әйелімен, балаларымен араластырып тұрамын. Кез-келегн бала әкесімен де, анасымен де тең қарым-қатынаста болу керек. Барлық халыққа осыны айтып отырып, өзім жолдасымды балаларымен араластырмаса, онда менің екі жүзділігім болады. Мен үшін бұрынғы күйеу, бұрынғы әйел дегенге көзқарасым басқаша. Мен үшін бәрі жақсы. Кез-келген адамның жамандығын да, жақсылығын да табады. Өзіміз екен ғой, жаман қылып алатын. Бізде бұрынғы болса, жаман деген түсінік қалыптасқан. Алланың берген тағыдырына қарсыласып, біз кімбіз оны шештені. Әркімнің тағдыры әртүрлі. Отбасының бақытын ойлайтын әрбір әйел жасайтын дүние. Бұны ерлік деп айта алмаймын, дейді психолог.