ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Наркенже Серікбаева қызының тұсауын кесіп, дүркіретіп той жасады

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева қырыққа таяғанда көрген Хадия есімді қызының тұсауын кесіп, дүркіретіп той жасады.

Тойдың қызықты сәттерімен Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Шымкентте, зәулім салтанат сарайында өткен тойға Айнұр Тұрсынбаева, Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер, Ақбота Керімбекова сияқты бірқатар өнердегі әріптестері қонақ болып келді.

"Айта жүретін той болды", "Супер той болды", "Ерекше басталып керемет деңгейде өтті" деп тойға келген жұрт әлеуметтік желіге жарыса жазып жатты.

Наркенже Серікбаева "О махаббат білмеймін баянды ма? Орта жолда өзіңмен жолықтырған" деп күйеуіне ән арнаған. Экраннан отбасылық хикаялары түсірілген шағын бейнебаян да көрсетілді.

Сондай-ақ тойда анасының жолын қуған Жансая Серікбаева әнін орындап Наркенже Серікбаева көзіне жас алып қалды.

var SVG_ICONS = ' ';