Сіз жұбайыңызды қаншалықты қызғанасыз?: Ендеше анықтап көріңіз
10.03.2023 00:00 Сіз жұбайыңызды немесе сүйіктіңізді қаншалықты қызғанасыз?: Ендеше оны анықтауға аздаған тес көмектеседі |
Жұбайыңыздан басқа біреудің орамалын тауып алдыңыз делік:
а) Әріптестердің әзілі екеніне сенесіз — 3 ұпай;
б) Жай ғана үнсіз қаласыз — 2.
Жұбайыңыз кенеттен өзінің сыртқы келбеті мен киіміне аса мән бере бастайды:
а) ол өзін-өзі күту туралы сіздің кеңесіңізді ақыры тыңдады деп ойлайсыз — 3;
б) мұның артында бір гәп бар деп күмәнданасыз — 1.
Сіздің күйеуіңіз жұмыс істейтін жерге сүйкімді әрі тартымды қызметкер жұмысқа орналасады:
а) Жайбарақат қабылдайсыз — 2;
б) Ол туралы көбірек білуге, оның кемшіліктерін тауып, күйеуіңізге айтуға тырысасыз — 0.
Жұбайыңыз соңғы кезде жұмыстан кеш келіп жүр:
а) Көңілдес тауып алмады ма деп анықтауға тырысасыз — 2;
б) оның жұмысы көп екеніне және жұмыс уақытында үлгермейтініне күмәнданбайсыз — 3.
Жұбайыңыз жазғы демалысты әркім өзінше өткізуді ұсынады:
а) Өзін еркін сезіну үшін жалғыз баруға шешім қабылдады деп ойлайсыз — 1;
ә) біраз уақыт жалғыз қалу үшін жақсы идея деп ойлайсыз — 2.
Пошта жәшігінен әйелдің қолымен жұбайыңызға арнап жазылған хат тауып алсаңыз:
а) сіз оны мұқият ашып оқыңыз — 0;
ә) Қаласа, бәрін өзі айтып бересін деп күйеуіңізді күтесіз — 3.
Түсінде күйеуіңіз өзгенің есімін айтса:
а) сіз оны бірден оятып, түсініктеме талап етесіз — 0;
б) сіз ешнәрсе жасамайсыз — 3.
ҚОРЫТЫНДЫ:
16-19 ұпай. Сіз шыдамды, өмірде тәжірибелі жансыз, бұл сіздің отбасы тыныштығына жайлы әсер етеді, өзіңізге сенімді әрі сабырлысыз және серігіңіздің сізден артық ешкімді таба алмайтынына сенімдісіз.
9-15 ұпай. Сіз қызғанбауды жақсы білесіз. Бірақ кейде ішкі сезіміңізді басқара алмай қаласыз. Есіңізде болсын, егер сіз үнемі жұбайыңыздан күдіктенсеңіз, ол күндердің күнінде шынында да қызғанышқа себеп тудыруы мүмкін.
8 немесе одан аз ұпай. Сіз өте қызғаншақсыз, бірақ бұған себеп бар ма екен?