ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Димаштың жаңа әні қытайлық QQ Music платформасында рекорд жаңартты

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің We Are One ("Біз бірміз") әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат алды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

COVID-19 пандемиясымен күреске арналған ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымалдық индексін жинады және солайша алтын сертификацияны алды.

Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнаған.

"Бүкіл әлем коронавирус індетімен күрескен күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Тек қорқынышты ауруға қарсы бір-біріне көмектесіп, осы ауыр уақытта COVID-19 жеңуге болады. Бұл ән індетке қарсы күрестің басты майданындағы дәрігерлерге және оқшауланған барлық жанға арналған", - деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.

var SVG_ICONS = ' ';