ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Ақботаның көйлегін қайталап киген Сиви Махмуди елдің сынына ұшырады

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Ел алдында жүрген әнші қыздар сахналық көйлектеріне жіті мән береді.

Бір көйлекті екінші рет кимеуге тырысатын бикештер әдетте образдың қайталанбауын қадағалайды. Алайда Сиви Махмуди өзі таңдаған көйлекті әріптесінің үстінен байқамай қалған ұқсайды, деп жазады Stan.kz.

Сиви Алматыда өткен концерттердің біріне белгілі дизайнерден алған көйлегін киіп, елдің сынына ұшырады.

Себебі бірер күн бұрын дәл осындай көйлекпен ел Ақбота Сейітмағамбетті көрген болатын.

Желі оқырмандары Ақботаның көйлегін қайталап киген Сивиге жағымсыз пікірлерді қарша боратты. Сивидің өзі жұрттың сынын көтере алмаса керек-ті, ол барлық пікірлерді өшіріп: “Доғарыңыздар”, – деп жазып қойды.

var SVG_ICONS = ' ';