Қазақстанда шетелдіктерге не ұнамайды?
10.03.2023 00:00 Қызметі үшін аcыра құн сұрап, өздерін ақымақ қылғысы келетін такси жүргізушілеріне туристердің қалай және қай тілде реніштерін білдіретіні, Қазақстан жайлы, біздің қонақ үйлер, мейрамханалар, дәретханалар туралы олардың шын мәнінде не ойлайтыны және еліміздегі нақты қандай жәйттер келушілердің қитығына тиетіні туралы... |
Өткен аптада, ЭКСПО-ны көруге келген екі шетелдік азамат Алматы кәмпит фабрикасында адасып кетіпті. Тәттіні жеуге аса құмарлықпен талпынған туристер сатушыдан 100 грамм тәттіні сұрау үшін ымдады да, секірді де, тіпті тәттілер орналасқан шыны жиһазды да тырмалапты. Алайда барлық талпыныстары сәтсіз болған.
Шыдамдары таусылған туристер енді ғана дүкеннен шығып бара жатыр еді, алдарынан менің ағылшынға тілі жатық Ратмир есімді 12 жасар балам шығып қалып, шетелдік қонақтарға көмектесті.
Осылайша, кездейсоқ басталған екі испандықпен достығымыз өзінің жалғасын тапты. Өз елдерінде тәп-тәуір мансапқа ие қос испандық азаматтың кездейсоқтан досымызға айналуы былайша орын алған еді. Карлос пен Бартоломеоны Испанияның премьер-министрі Мариано Рахо қандай да бір аса маңызды миссиямен іс-сапарға жіберген. Алайда қызуқанды испан жігіттеріне Астананы көру аздық етсе керек, осы себепті достар бірнеше күнге Алматыға қыдырып қайтуды жөн көрген. Орыс тілін де, қазақша да білмейтін жігіттер қаламыздың арзанқол қонақ үйлерінің біріне орналасуға талпынған. Ресепшенде бағаларды көріп қонақтарымыздың көздері шарасынан шыға жаздаған. Бағалар удай қымбат. Бөлмелердегі тазалық деңгейі өте төмен.
- Біз екі темір төсегі бар қарапайым нөмір «Букинг.ком» сайтында көрсетілгеннен әлдеқайда қымбат болады деп күтпеген едік, — деп ақтарылды кезекте тұрған испандық қонақтар. – Әрине, біз бұл жайдан бас тарттық және жаңа жатар орын іздеуге аттандық. Ақырында Алматыдан қолайлы тұрғынжай таба алдық. Өкінішке орай алтындай біраз уақытымыз босқа шығын болды.
- Сізге тағы қандай көмек бере аламыз? — деп сұрадым аудармашы ұлым Ратмир арқылы испандықтардан. – Сіздерді қай жерге ертіп барайық, қаламыздың қандай қызық жерлерін көрсетейік?
- Сіз шынымен айтып тұрсыз ба?! – деп аударды ұлым ағылшын тілінен испандықтардың сөзін. – Қалжыңдап тұрсыз ба?
Испандықтардың жанарларынан екінше рет таңданысты байқадық. Оларға біздің ұсынған ерікті көмегіміз оғаштау көрінсе керек.
- Жаман ойлап қалмаңыз. Сіздер біздің қонағымызсыздар және шығыс қонайжайлылық заңы бойынша біз сіздерге сый-құрмет көрсетуге міндеттіміз. Мысалы, бешбармақтан, бауырсақтан, палаудан немесе мантыдан ауыс тигізгіміз келеді. Дәм татып көргілеріңіз келе ме?
- Сіздің қызметіңіздің құны қандай болмақ? — деп күдікпен қарады туристер.
- Ратмир, ұлым, оларға бізде демалыс екенін және бәрібір қолымыз бос екенін аударып түсіндірші. Осылай көңілімізді көтергіміз келеді. Ешнәрсені уайымдамай-ақ қойса болады.
- Окей, — деп келісе кеткен испандықтар біздің көлігімізге отырды.
Істелген іс күткен нәтижесіне лайық па?
Қонақжайлылықпен испандықтарды жақсылап демалтуға тырыстық. Міне, репортерлік сәттілік жолдас болып, Алматыдағы танымал шығыс мейрамханаларының біріндегі сыраның екінші саптыаяғынан кейін, испандық достарымыз ашылып әңгіме айта бастады.
- Біз сендер, қазақтар, туралы мүлдем ешнәрсе білмейміз, - деп бастады Бартоломео. Мен туған Испанияда да, Карлостың туған жері Гондураста да Қазақстан туралы еш ақпар жоқ. Біз сендердің мәдениеттеріңнен, адамдарыңнан, дәстүрлеріңнен бейхабармыз. Бұл өте өкінішті, себебі елдерің өте бай және тарихы да өте қызықты. Біз ЭКСПО-дағы миссиямыздың бел ортасына да келіп үлгердік, Астанадан басқа Байқоңырды, ол жердегі зымыранның ұшқанын, Щучинскті, Бурабайды ғана көрдік. Алматыда Көк базарда, Орталық Мешітте, Қазақ ұлттық аспаптар мұражайында, Горький атындағы Орталық демалыс саябағында, Абай атындағы опера театрында, Тәуелсіздік монументінде, Көктөбеде болдық. Тіпті Үлкен Алматы көлін де тамашалап үлгердік.
- Қалай? Ұнады ма? Қазақстандық туристік кластердің қандай артықшылықтары мен кемшіліктерін атап бере аласыңдар? Тек шынайы. Еліміздің қай тұстары ұнады, қай жерлері көңілден шықпады?
- Бізге бәрі ұнады. Қазақстандағы адамдар да керемет, — деді масайраған Бартоломео, сұрағымның аудармасын аяғына дейін тыңдамастан.
(Демек бұл тілімізді аздап болсын түсінетін болғаны ғой деп ойладым ішімнен. Қазақша да, орысша да мүлдем білмеймін деген сияқты еді. Яғни, тыңшының дәл өзі)
- Бартоломео, сізге сұрақ қоюға рұқсат етіңіз, сіз қандай да бір арнайы миссия орындау үшін елімізге жасырын жіберілген шетелдік барлаушысыз ғой?
- Аха, мен – испандық Джеймс Бондпын (күліп жіберді). Қазір қалтамнан тапаншамды шығарып, барлығыңды пиф-паф жасаймын. Шынымды айтсам, Қазақстанда барлығы шынымен де жақсы. Сендер жарайсыңдар.
- Ал егер шынымен және ашығын айтсақ? Біздің билікке туризмді дамыту бойынша қандай нақты кеңес бере аласыңдар?
- Билікке?! О, керемет! Сендердің премьер-министрлеріңе қандай да бір кеңес бере алатын болсақ, онда былай делік: туристік қызмет көрсетуді жақсартуды жалғастыра беріңдер және Қазақстан туралы шет елдерге көбірек ақпарат тарату жұмыстарымен айналысыңдар. Әзірге керемет елдерің туралы шетелдіктердің көбі біле бермейді. Бірақ енді біз Испаниядағы да, Франциядағы да барлық таныстарымызға осы елге міндетті түрде келуге, адамдарыңмен және мәдениеттеріңмен жақынырақ танысуға шақыратын боламыз.
- Сонда бұл жақта бәрі жақсы өтті және мүлдем мәселелер туындаған жоқ дегілерің келе ме? Сенбеймін.
- Әрине, бастапқыда қарым-қатынас қиындықтары болды. Тілдік кедергі әр қадамымызға кедергі болды десек болады. Қазақстанда, бір қызығы, тіпті шетелдіктерге арналған қонақ үйлер мен мейрамханалардың өзінде қызметкерлер не испан тілін, не ағылшынша түсінбейді. Сондықтан да бір-бірімізді түсіну қиын болды. Қазақстандыңтардың туристік бизнестегі әлеуеті үлкен, бірақ сендер бұл саладағы стратегияларды жақсартып, жаңа туристер таруға жағдай жасап, танымал орындар маңындағы көңіл-көтеру инфрақұрылымын дамытуларың керек.
- Бізде ашуларыңды келтіретін қандай қолайсыздықтар орын алды?
- Қажет жерлерде жақсы дәретханалардың жоқтығы біраз қинады. Мысалы, жақында біз Медеу маңындағы бірнеше көрікті көлді көруге бардық және дұрыс дәретхананы сол маңайдан таба алмадық. Өз қонақ үйімізге жеткенше қуығымыз жарыла жаздады...
- Бұта арасына кіру ұят көрінді ме? Табиғат аясында туристердің көбі осылай жасайды емес пе.
- Біз өз елімізде де, өзге елде де олай жасауға үйренбегенміз. Дәретхана тіпті кіп-кішкентай көл жағалауында да болуы тиіс!
- Жақсы, келісемін. Ал біздің қонақ үйлердегі бағалар таңдандырмады ма? Дүкендегі азықтүлік, киім бағалары ше? Барлық туристердің көңілі тола ма, мүмкін, осы бағытта қандай да бір тілек-шағымдарың бар шығар?
- Бағаларға көңіліміз толады деп айта алмаймын. Өте қымбат. Әсіресе такси жүргізушілері шетелдіктердің есебінен қалталарын қампитып қалғысы келеді. Сондай кездерде мұндай «қуларға» орысша «жол нұсқап» жіберуге тура келеді.
- Негізінен ақшаны неге жұмсадыңдар?
- Әдеттегідей, кәде сыйларға ғой. Жақындар мен туыстарға сыйлықтар алдық. Алайда көп қаржы бір қаладан екінші қалаға ұшып баруға кетеді. Тамақтану, монументтер мен көрікті жерлерге баруға келген кезде бағалар жаман емес деп айта аламын. Қалта көтереді.
- Әдетте банк карточкасымен есептестіңдер ме немесе қолма-қол төлеу ыңғайлы ма? Өз отандастырыңызға қайсысын ұсынар едіңіздер?
- Біз бірінші кезекте қолма-қол ақшаны пайдалануға кеңес береміз, себебі кейбір дүкендерде, жергілікті шағын мейрамханаларда және базарларда арнайы банк терминалдары жоқ. Тек үлкен супермаркеттерде ғана мұндай мүмкіндік қарастырылған. Кэш сенімдірек.
- Қазақстанда қорықпадыңдар ма?
- Сендерде қорқынышты емес. Елдерің лаңкестіктен ада деуге болады. Шағын ауылдарда да, үлкен қалаларда да адамдар қонақжай. Өзімізді қауіпсіз сезіне аламыз. Бұл біз сияқты қонақтардың көңілінен шығары сөзсіз. Бұл шынымен де өте керемет.
Дәретханалар міндетті түрде болуы тиіс!
Даяшы бәрімізге тағы бір саптыаяқтан сыра және ыстық дәмді шашлық әкеліп берді. «Өмірлік маңызы бар» әңгіме жақсырақ жүре бастады және біртіндеп нәзік және көрікті жандарды бағалауға өтті. Осы тұста менің испан тілінде еркін сөйлейтін достарып келе қалды. Олар үстел басында испанша: “Buenasnoches!” (қайырлы кеш) және “Mealegrodeconocerle” (танысқаныма қуаныштымын) деп ауыз ашқаны сол еді, Бартоломео мен Карлос үшінші рет таңданыс үстінде болды. Бұл жолы шынымен қатты таң қалды.
Қазақтар испан тілінде, ағылшыншаны да еркін меңгерген және тіпті немісше де біледі екен ғой: “Гебензи мир биттецвайфляшбир” (яғни «Екі бөтелке сыра беріңізші»). Бұл сөздерді мен ГКӘТ-де (Германиядағы кеңес әскери топтары) әскери қызметте жүрген кезімде үйренген едім және бүгін осы жерде, білімді испандықтар алдында дымбілмес болып көрінбес үшін қолдандым.
Осыдан бастап әңгіме қыза түсті... Испанша, ағылшынша, шала немісше талқылаулар, әзіл әңгімелер таңға дейін жалғасты. Әңгіме тақырыптары әдеттегідей: әйелдер, саясат, шарап, арақ, туристік кластер, президенттер, министрлерге дейін барып, қайта әйелдер тақырыбына оралды. Испандықтар қызуқанды екені рас, бірақ менің бір білетінім – бұл қан аздаған көмекпен өз қызуына ие болады, дәл солай бір сәтте салқындап та қалуы мүмкін.
Жаңа достарымызды Астанаға отбасымызбен шығарып салдық, жолға аттандырып жатып испанша хормен: “Quélevayabien!” («Жолдарың болсын») және “Nosepierde!” («Хабарласып тұрыңдар), “Esperoencontrarlelapróximavezconimpaciencia” («жаңа кездесулерімізді асыға күтеміз) дедік.
10-қыркүйек күні ЭКСПО аяқталады және қонақтар өз үйлеріне оралады. Бартоломео мен Карлостың сөзіне сенсек, әзірге көптеген шетелдік туристер еліміз туралы жақсы оймен қайтуда. Менің туған елім өз биігінен көрінді. Осының арқасында мен, қарапайым ел азаматы, бір марқайып қалдым. Тек туристер пікірі бойынша болуы тиіс жерлердегі дәретханалардың жоқтығы ғана көңілге кірбің салады. Сенатор Мұхтар Алтынбаев өз уақытында бұл мәселені жоғарғы депутаттық мінберден көтергені есімізде. Алайда баяғы жартас сол жартас. Қазақ пен орыс үшін жақсы жағдай, испандық үшін — өліммен тең!
Мақала авторы: Владимир Северный