ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Ерке Есмахан орындаған жаңа ән клипінің қаралымы 2 жарым миллионға жуықтады

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Ерке Есмахан орындаған "Қайда?" атты жаңа ән клипінің ғаламтордағы қаралымы 11 күн ішінде 2 жарым миллионға жуықтады.

Бұл туындыда қыздың жігітті еліміздің әр қаласынан іздейтіні туралы айтылады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

"Қайда?" әнінің әуенін Дана Исмайылова, ал сөзін Ерке Есмахан бұрын Төреғали Төреәлімен бірге орындап керемет хитке айналдырған "Алло" әні (кезінде GAKKU TV Youtube-ке салған бейнебаянының қаралымы қазір 20 миллион 200 мыңнан асып тұр!) өлеңінің авторы Қайнар Алагөзов жазған.

Айта кетейік, осыдан 11 күн бұрын GAKKU TV Youtube-ке салған "Қайда?" әні клипінің дәл қазіргі қаралымы 2 млн 340 мыңнан асқан.

var SVG_ICONS = ' ';