ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Лара Фабиан миллионнан аса оқырманы бар парақшасында Димашты құттықтады

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Лара Фабиан Фейсбуктегі парақшасында Қытайдағы "I am a singer" байқауына қатысып жатқан қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді құттықтады. Ал әлемге танымал әншінің аталған әлеуметтік желіде дәл қазір 1 210 500-ден аса оқырманы бар.

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

"Адажио" әлемді аралап жүр... Қытайдағы "I am a singer" ТВ-байқауында орындаған Димаш Құдайбергеновті құттықтаймыз" деп жазды Лара Фабиан.

Димаш Құдайберген Фабиан орындайтын "Адажио" әнін "I am a singer-дің" алтыншы кезеңінде айтып, бірінші орын алған еді. Ол шығарманың соңғы жағына келгенде тізерлеп отыра кетіп, залды дүр еткізді. Көрермендер түрегеп тұрып қол соқты.

var SVG_ICONS = ' ';