ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

«I am Singer» жобасының 5-кезеңі өтті: Димаш байқауды жалғастыруда

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 5-кезеңінде «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленді.

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

«1-орынды Тань Цзин, 2-орынды – Линь Илянь, 3-орынды – Чжан Цзе, 4-орынды – Джастин мен Линь Чжисюань (конкурстың жаңа қатысушылары – авт.), 5-орынды – Димаш, 6-орынды – «Lion» тобы, 7-орынды Чжао Лэй иеленді. Чжао Лэй сайыс бағдарламасынан шығып қалды», – деп хабарлайды Hunan.TV фан-клубы Weibo әлеуметтік желісінде. 4-орынды екі конкурсант бірдей иеленгендіктен, Димаш 5-орынға орналасып отыр.

Дегенмен, қытайлық байқаудың әлеуметтік желіге салған кестесінде қазақстандық әншінің 6-орын алғандығы жазылуда, ал 5-орын – бос тұр. Бұл, жағдайды өзгертпейді, Димаш «Singer»-дің келесі – 6-кезеңіне өтеді. Бұған дейін, жарыстың 4-кезеңінде Ду Лиш (Тереза) шығып қалған еді.

Еске сала кетейік, Астана уақытымен 11 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан «Singer» байқауының 4-кезеңі көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген қытай тіліндегі «Күзгі мұң» әнін акцентсіз айтып, үшінші орын иеленген болатын. Конкурстың 5-кезеңі Хунань телеарнасынан 18 ақпан күні көрсетіледі.

var SVG_ICONS = ' ';