ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Такси тоқтатқан бойжеткен Сәкен Майғазиевті көрген кезде таңырқап қалған

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Сәкен Майғазиев аязды күні аялдамада автобус күтіп тұрған жолаушыларға тоқтап, тегін жеткізіп салатынын айтты. Әнші өзінің де кезінде талай жаурағанын еске алды. Майғазиевтің айтуынша, такси тоқтатып тұрған жолаушылар оны көргенде қатты таңырқап қалады.

Бұл туралы Stan.kz жазады.

«Есімде қалған ең суық қыс 2016 жылдың 20 қарашасы, яғни бүгін. Жоқ, бірақ бұдан да қатты қара суықтар болды ғой. Не көрмеді? Әсіресе, далада аялдамада тұрған адамдарды аяп кетемін. Кейбір кезде жолай соғып ала кетемін. Кейбіреулер түсінбей таңырқап қалады. Мені таксилетіп жүр деп ойласа керек-ті. Ештеңенің керегі жоқ, біздің үйден Әл-Фараби даңғылына дейін ешқандай көлік тоқтай қоймайды. Сол жерге дейін тегін жеткізіп салайын деймін. Жолымыз бір болса тіптен жақсы, әңгімелесіп жылы көлікпен жеткізіп салуға тырысамын», – деді әнші «Жұлдыз-ТВ» арнасына берген сұхбатында.

Майғазиев кезінде өзінің де талай жаурағанын, тіпті, бір туфлимен қыс өткізген кездерінің болғанын айтып өтті.

«Өзіміз талай далада тұрдық, жаурадық, туфлимен қыс өткізген кездеріміз болды, аспаннан салбырап түскен жоқпыз. Сол сияқты неше түрлі жағдайлар болып жатады. Сондықтан, мен тоқтап, “отырыңыз” дегенде ұялмастан отыра кетіңіз. Күн қанша суық болса да, жүрегіміз жылулыққа толы болсын», – деп түйіндеді сөзін әнші.

var SVG_ICONS = ' ';