Сәкен Майғазиев "Қапқарашканың" ұлының тұсауын кесті
10.03.2023 00:00 Ел арасында «Кап-карашка» аталып кеткен Нұржан Керменбаевтың тұңғышы Мүслім бір жасқа толды. Осыған орай Керменбаев ұлының тұсауын кестіріп, дүркіретіп той жасады. |
Думанды кешке эстрада жұлдыздары түгел жиналды, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазақтың қара баласы қуанышты жаңалығымен алғашқы болып өзі бөлісті.
«Аллаға сансыз шүкір, сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! Сүйінші Қазақ елі! Біздің үйде той! Мүслім ұлымыз 1 жасқа толды! Әрбір шаңырақта бала үні көбейе берсін! Тойдан ғана шаршайық!» – деді ол.
Кішкентай Мүслімнің тұсауын әнші Сәкен Майғазиев кесті.
Ал тойға жиналған эстрада жұлдыздары сәт сайын той көріністерін жариялап, кештен тікелей репортаж жүргізіп отырды.
Жуырда ғана шаңырақ көтерген әнші Серік Ибрагимов тойға жұбайы Айнамкөзбен бірге келді.
Той барысында Нұржан Керменбаевтың өзі ән орындады.
Естеріңізге сала кетейік, Нұржан 2015 жылдың басында Назерке есімді арумен шаңырақ көтерген болатын.