ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Дастархан басында аяғын көтеріп отырған Әлішер Кәрімов сынға ұшырады

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Жуырда Әлішер Кәрімов басын дауға қалдырған сурет жариялады. Дастархан басында аяғын көтеріп отырған әншіні тыңдармандары қатал сынға алды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аталмыш жарияланымға 400-ге жуық пікір қалдырылған. Олардың басым бөлігі – жағымсыз. Желі оқырмандары Әлішердің қылығын ерсі санап, оған ескертпелер мен сыни пікірлерін жаудырды.

«Әлішер, аяқ ешқашан ас ішетін үстелден жоғары тұрмау керек», «Не отырыс мынау?» «Аяқты бұлай қойғаныңыз мәдениетсіздік», «Отырысың өте ерсі», «Өз үйінде отырса отыра берсін, тек инстаграмға салып қажеті не?» – деп пікір білдірді олар.

Есесіне Әлішердің адал жанкүйерлері сүйікті әншілерін қолдап, қорғаштады.

var SVG_ICONS = ' ';