ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Алматыда дәстүрлі өнер театры ашылды

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Алматыда дәстүрлі өнер театры ашылды. Бұл туралы белгілі әнші Сәуле Жанпейісова хабарлады.

"Осы сəтті қаншама жылдар бойы күттік. Дəстүрлі өнеріміздің жаңа шаңырағы əн мен жырға толсын! Енді қазағымның əні мен күйін тыңдағысы келген көрермендеріміз "Алатау" дəстүрлі өнер театрына келіп, ұлттық өнерге сусындайтын болады. Сондай-ақ, дəстүрлі өнерпаздарымыздың да табан тірейтін, есігін айқара ашып кіретін шаңырағы бар. Ұлттық өнерді ұлықтап, өннерпаздарға осындай жағдай тудырған Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекке алғысымыз шексіз! "Жас келсе — іске" деген осы!

Осындай игілікті бастама Астана қаласының жас əкімі Əсет Исекешовке де жұғысты болса нұр үстіне нұр болар еді! Жақында Астана əкімі орынбасарының қабылдауында болғанымда "ол мүмкін емес" деп шығарып салды. Меніңше, мүмкін емес нəрсе жоқ, ең бастысы ниет болса..." дейді әнші.

var SVG_ICONS = ' ';