ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Мейрамбек Бесбаев жарнамаға түсті (Фото)

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Мейрамбек Бесбаев отандық өнімді қолдау мақсатында жарнама түсті, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы “Отан” Қазақстан сағаттары брендін шығарып жүрген компания Инстаграм парақшасында бөлісті.

“Нағыз ерлер сапасы қайталанбас “Президент” сағатын бағалайды”, – деп жазды.

Аталмыш отандық өнімнің жарнамасына түскен танымал әнші Мейрамбек Бесбаев та өзінің парақшасынасуреттерін жариялап, сағаттың жарнамасына сай келетін мына өлең шумақтарын жазды:

Өтсе де күлкісіз қанша күн,

Өтсе де ұйқысыз қанша түн.

Бақыттың барына сенейік,

Уақыттың бағалап əр сəтін.

Сәтті шыққан жарнама суреттеріне желі қолданушылары ризашылықтарын білдіріп жатыр. Әншінің тыңдармандары ізгі тілектерін арнаса, жанкүйер қыздар ішкі сезімдерін ашық жаза бастаған.

Айта кетейік, бұған дейін бетінде елтаңба бейнеленген аталмыш өнімнің жарнамасына белгілі әнші Бүркіт те түскен болатын.

var SVG_ICONS = ' ';