ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Әнші Қайрат Нұртас мешіт салдырмақ

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Жуырда намазға жығылған Қайрат Нұртас келер жылы ауылға мешіт салдыруды жоспарлап отыр.

Бұл жаңалықты әншінің досы Ринат Баситов “Дара жол” бағдарламасында айтып қалды, деп жазады stan.kz.

Отандық бағдарламалардың біріне қонаққа келген Ринат Баситов өзінің ғана емес, досының да жоспарларымен бөлісуді жөн көрген. Әншінің сөзіне сенсек, алдағы уақытта әріптесі Қайрат Нұртас мешіт салдырмақшы.

“Қайрат біреудің бір жақсылығына мың жақсылық жасайтын адам. Келер жылы ауылға мешіт салсам деген ниеті бар. Мен Қайраттай досымның бар екендігіне өкінбеймін. Оның жүрегі нәзік, таза. Адамдармен өте жақсы араласа алады”, – дейді Ринат Баситов.

Ал әзірге әншінің мешітті қай ауылға салдыратыны белгісіз.

var SVG_ICONS = ' ';