ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Қалың жүндер ауада ұшып жүрген шығар": Нұртас Адамбайдың жақында ашқан дәмханасы көптің сынына қалды

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Актёр әрі продюсер Нұртас Адамбай кәсіп бастап, көпшілікті ерекше стильде жасалған дәмханасымен таныстырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда кілеммен безендірілген дәмхананың іші жұрт көзіне оғаш көрінді. Суреттерден бөлменің едені, қабырғасы мен төбесі де кілеммен жабылған. Көпшілік шаң жинайтын кілемдерде отырып қалай тамақтануға болатынын түсінбей дал. Олар тамақтанатын орынды ауа өткізбейтін кілеммен жабу тазалық талаптарына сай емес деп есептейді. Бірі мұны шығыстық стиль десе, енді бірі кәсіби дизайнерге жүгінбеген деп Нұртас Адамбайды сынға алды.

“Мұндай қалай демаласың?”, “Кілемдерге тамақтың иісі сіңіп кетсе, сасиды ғой”, “ Бұл бөлме желдетілмейтін де шығар”, “Тазалықтан жұрдай”, “Интерьер дизайнерінің жұмысын қаншаға бағалады екен?”, “Қалың жүндер ауада ұшып жүрген шығар”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ олар тазалық мәселесін ғана емес, қауіпсіздік ережелерін де ескеру керектігін атап өтті.

“Өрт шыққан жағдайда іштегі адамдардың тірі қалуы екіталай”, – деп пікір қалдырды.

var SVG_ICONS = ' ';