ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Алматыда бір топ жігіт жас қызды зорлап, қашып кетті

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Алматыда жас жігіттер қызды тонап, артынша зорлап, оқиға орнынан тайып тұрған.

Болған жайттың анық-қанығын полиция анықтады, деп хабарлайды ІІМ ресми басылымына сілтеме жасаған Caravan.kz.

Осылайша К. есімді азаматшаның айтуынша, белгісіз бес азамат оны тонап кеткен. Содан кейін, олардың екеуі қызды қорлаған.

«Өзімнің жағдайыма қарамастан мен полицияға көмек сұрап жүгіндім. Бір күннен кейін бес күдікті де ұсталды және қамауға алынды. Мен Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамына кәсіби біліктілігі, нақтылығы, адамгершілігі үшін алғысымды білдіремін. Сол сәтте олардың қолдауы мен үшін маңызды болды. Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз», – дейді Алматы қаласының тұрғыны.

Бөлімшенің мәліметінше, тонау және зорлау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нік 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

var SVG_ICONS = ' ';