ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Министр жемқорлардан тәркіленген соманы жариялады

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген соманы жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде қазынашылық органдарда арнайы есепшот ашылған. Соған жемқорлардан тәркіленген ақша аударылып отырады.

"Қазіргі кезде ол есепшотта, шамамен, 120 миллиард теңге жиналды. Біз оқу-ағарту министрлігінен өтінімдерді күтіп отырмыз. Алдымен үш ауысыммен оқитын мектептер жөнделеді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бар, мектепті кеңейту үшін қосымша құрылыс салынады. Есепшоттағы ақша ең бірінші соған жұмсалады", — деді Жамаубаев сенатта өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, барлық өтінім республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады. Кейін ақша өңірлерге таратылады.

Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлардан тәркіленген қаражатқа мектеп салуды тапсырды

var SVG_ICONS = ' ';