ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Күйеуге тиетін кезде жігітті бақайынан бастап басындағы битіне дейін тексеріңдер - Роза Әшірбаева

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Танымал коуч Роза Әшірбаева тұрмыс құрмаған қыздарға ерекше кеңес берді.

Желіде тараған видеосында ол жігітті әбден тексеріп барып отбасын құру керектігін айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Күйеуге тиетін кезде жігітті бақайынан бастап басындағы битіне дейін тексеріңдер. Еш жерде тіркеуде жоқ па? Туберкулёз, наркодиспансер, психодиспансердің барлығын қараңдар. Сосын, несие тарихы туралы анықтама шығартып алыңдар. Басында миллиондаған қарызы жоқ па? Бұрын үйленген, ажырасқанын білуге болатын қағаз болса, соны әкелсін. Банктен анықтама алып келсін. Қазақстанда қанша банк бар? Бәрінен алып келсін. Медициналық тексеруден толық өтсін. СПИД, ВИЧ барлығына анализ тапсырсын. Қайда қарап күйеуге тиесіңдер сендер?", — деген.

Желі қолданушылары маманның бұл сөзіне түрлі пікірлерін жазып жатыр. "Күлейін бе? Жылайын ба?", "Аңқау әйелге арамза психолог деген мақал шығыпты" деп жазуда.

var SVG_ICONS = ' ';