ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Магнитудасы — 5,9. Алматыда 2 балл сезілген.

Қытай мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі some.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 5:58-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12,1. Магнитудасы — 5,6. Тереңдігі — 10 шақырым", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша 03:42-де тағы да жер сілкінісі тіркелген.

Бұл жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

var SVG_ICONS = ' ';