Ұлттық банк: Қазақстандықтардың 60 пайызы қолма-қол ақшаны пайдаланады
09.03.2023 00:00Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Ұлттық банк басшысынан БАҚ өкілдері елдегі қолма-қол ақшаға сұраныстың қандай деңгейде екендігін сұрады.
Елде қолма-қол ақшаға сұраныс бар. Ұлттық банк жүргізген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 60 пайызы қолма-қол ақшаны қолданғанды құп көреді, — деп атап өтті Ғалымжан Пірматов.
Айтуынша, қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемдері өте жылдам өскен.
Қолма-қол ақшасыз төлем өте ыңғайлы. Бірақ сонымен қатар біз жақында әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Қазақстандықтардың 60 пайызы қолма-қол ақшаны қолдануды дұрыс деп санайтын болып шықты. Бұл көрсеткіш әсіресе елдің өңірлерде қатты байқалады. Соңғы бес жылда ақшалай тұлғаланудағы қолма-қол төлемнің өсуі жылына 9,9 пайызды, ал айналымдағы банкнот түрінде 7 пайызды көрсетті. Яғни қолма-қол айналымдағы банкнотпен қамтамасыз етудің қажеттілігі тұрақты түрде өсіп отыр. Әр қазақстандыққа 27 банкноттан тиесілі екен. Қолма-қол ақшаны қолданбайтын Швецияның өзінде бір азаматқа 30 банкноттан тиесілі. Сондықтан қолма-қол ақшаға сұраныс бар, ол әлі де жалғасады. Біздің банкнот шығаратын фабрика да жоспарлы режимде жұмыс істеп тұр, — деді Ұлттық банк төрағасы.
Сонымен қатар ол коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланған уақытта қолма-қол ақшаға сұраныстың бірден артқанын айтты.
Сұраныс әдеттегі орташа қажеттілікпен салыстырғанда бірден 4 есеге артты. Қаңтар оқиғасы кезінде де қолма-қол ақшаның қажеттілігі туындады. Сондықтан Ұлттық банк бұл жұмысты жалғастырады. Біз оның тек өзіндік құнын ғана емес, дизайнын, оның қорғалу деңгейін әлемдік трендтерге сәйкестендіруге тырысамыз, — деді Ғалымжан Пірматов.