ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Түркияда үйінділерді тазалап жүрген екінші қазақстандық құтқарушының қызы өмірге келді

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Зілзаладан зардап шеккен Түркияда адам өмірін сақтап қалу үшін аттанған 28 жастағы құтқарушы Олжас Рахметовтың төртінші баласын дүниеге келді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Рахметов 15 ақпанда төртінші рет әке атанды. Құтқарушы қызды болды, сәбиге — Аделия деп есім берді.

28 жастағы Олжас Рахметов астаналық құтқарушы. Төтенше жағдайлар министрлігінде бір жылдай қызмет етіп, өзін үлгілі маман ретінде көрсете білді. Олжас бірнеше мәрте марапатталған.

14 ақпанда қазақстандық құтқарушылар 76 сағат бойы өз бетімен шыға алмаған әкені екі баласымен үйінді астынан алып шықты.

Түркия мен Сириядағы ең күшті жер сілкінісі 6 ақпан күні таңертең болды. Магнитудасы 7,8 баллды құрады.

var SVG_ICONS = ' ';