ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Пойызда қыз баланы зорламақ болған ер адам ұсталды

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері майор Еркін Жантурин жолаушылар пойызында қызды қорламақ болған ер адамды ұстады.

10 ақпанда сағат 18.00 шамасында «Алматы-Петропавл» бағыты бойынша жолаушылар пойызында кезекті іс-сапардан оралған майор Еркін Жантурин көршілес купеден көмекке шақырған қыздың айқайын естейді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дыбыс шыққан купеге жақындағанда біреудің купенің ішінде есікті әдейілеп жауып тұрғанын байқайды. Есікті күшпен ашқанында бұрышта үрейленіп отырған қызды көреді. Ол қыз баланы қорлауға тырысқан.

Офицер ер адамды ұстап алды. Қыздың айтуы бойынша, бір купеде келе жатқан ер адам оған таныс емес екен. «Сарышаған» станциясындағы аялдамадан оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.

«Оқиға кешкі уақытта болды. Мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқаным сол еді, жас қыздың көмек сұрап, айқайлаған даусын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым», – деді майор Еркін Жантурин.

Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

var SVG_ICONS = ' ';