ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Елімізде Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы стипендия төленетін болды

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Қазақстан үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы төленетін ай сайынғы стипендияның мөлшері белгіленді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Степендия мөлшері 60 АЕК (2023 жылы 207 000 теңге) болады.

Стипендия алуға үміткер ҰҒА академигі ҰҒА-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;
  • ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан
  • Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
  • екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуытуралы банк анықтамасы.

Стипендия төлеу:

  • ҰҒА академигі қайтыс болған (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);
  • ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған;
  • ҰҒА құрамынан шығарылған (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді);
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.

Қаулы 2023 жылғы 10 қаңтардан бастап күшіне енеді.

var SVG_ICONS = ' ';