ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Өскеменде есірткі сатушы ұсталды

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Өскеменде есірткі сатушыдан 10 келіден астам кептірілген марихуана мен шамамен 1,9 келі гашиш тәркіленді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамдарының бірінде салмағы 105 грамнан асатын марихуананы өткізу фактісін анықтады, деп жазды polisia.kz.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 31 жастағы жергілікті тұрғын есірткіні 27 жастағы ер адамға 38 мың теңгеге сатқан.

"Көп ұзамай, жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті отырған ВАЗ автокөлігі тоқтатылды. Көліктен скотч-лентамен оралған сөмке табылды. Сонымен қатар автокөлікті тінту кезінде иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ заты бар үш орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, орамада 10 келіден астам кептірілген марихуана мен шамамен 1,9 келі гашиш болғаны анықталды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

var SVG_ICONS = ' ';