ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Пәтерге кіргізіп, білгенін істер еді": Тегін макияж жасатуға барған қыздар оқиғасымен бөлісті

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Модель ретінде тегін макияж жасатуға барған қыздар сән салонының орнына жалдамалы пәтерге тап болған.

Аяулым Дүкенбай есімді желі қолданушысы алаяқтардың құрығына қалай түсіп қала жаздағаны туралы ТикТок-та айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Модель болуға жазылып қойғанымды құрбыма айттым. Ол да сол уақытта бос екенін айтып, "Макияжыңмен фотоға түсірейін" деп менімен ілесіп баратын болды. Бірге барғаннан кейін құрбым байқап қалып маған: "Бұл ешқандай салон емес. Сағатына жалға берілетін пәтерлерлердің ауданы. Бірдеңе дұрыс емес. Күмәнді" деп айтты. Мен құрбымның сөзіне мән бермей, әлгі кісіге хабарластым. Өйткені, мекенжайды толық бермеген еді. Қай "дом" екенін сұрайын дедім. Бірақ, телефонын алмады. Сөйтсем, мені қара тізімге тығып тастапты. Содан құрбым "Сен ақымақсың! Бізді терезеден көріп тұр ғой. Егер жалғыз келген болсаң, сені пәтерге кіргізіп алып, білгенін істер еді. Екеу болып келгендіктен ол қорқып тұр" деді. Міне қыздар, абай болыңыздар! Баратын жерлеріңізді тексеріп алыңыздар", — дейді ол.

Видеоны тамашалағандар "Сені Құдай сақтаған", "Макияжға модельді үйге шақырмайды ғой", "Зорлап тастайтын еді", "Маняк болып денеңді бөлшектеп тастаса қайтер едің" деп жазуда.

var SVG_ICONS = ' ';