Семейде тұңғыш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы өтті
23.10.2024 11:00
Іс-шара елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.
Бұл іс-шара елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Оған қаладағы барлық жоғары оқу орындары мен колледждер қатысты, өздері оқытатын мамандықтар бойынша шеберлік сыныптары мен көрмелер ұйымдастырды. Көрмеге фелдшер, өрт сөндіруші, ІТ маман, шаштараз, дизайнер, дәнекерлеуші сынды түрлі мамандықтар қатысты.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды".
Іс-шараны мектеп оқушыларымен бірге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов та тамашалады. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда көмек көрсету, пайдалы кәсіптер туралы көзқарастарын дамыту және мамандықтардың ерекшеліктерін таныстыру.
Іс-шара барысында оқушылар мамандықтардың «образына» еніп, олардың қызықты әрі қиын тұстарын сезініп көру мүмкіндігіне ие болды.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі