Депутат Жаңа жылдың орнына, Наурызды тойлауды ұсынды
18.01.2024 17:08 Тіпті Премьер-министрге сауал жолдаған. |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев 2024 жылғы 18 қаңтардағы палата отырысында қазақстандықтар Жаңа жылды емес, Наурызды тойлауы керектігін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сенатордың айтуынша, Жаңа жылды тойлау қиындап, отбасылық мерекеден әлдебір материалдық оқиғаға айналып барады, ал пиротехника "үлкендер мен балаларды қорқытады".
"Сауда орталықтарында бос орын болмаған кезде нені айтуға болады – бәрі балаларының тілегін орындап, қымбат сыйлықтар мен ойыншықтар іздейді.. Әрине, ата-ананың тілегін түсінуге болады. Бірақ жаңа жылдық сыйлықтардың көбі шетелден келетінін жақсы білеміз, сол арқылы өткізіліп жатқан ұжымдық іс-шараларды, мектептерге арналған әкім шыршаларын, балабақшалардағы ертеңгіліктерді айтпағанда, жат дәстүрді, тұрмыс-тіршілікті, діл мен дінді насихаттайды. Ерекше әлеуметтік-идеологиялық дәстүрді қалыптастыратын уақыт келді. Яғни Қазақстан үшін Жаңа жылды тойлаудан гөрі, Наурыз мейрамы дәстүрге айналуы керек".Әли Бектаев
Сенатордың сөзінше, Наурыз мейрамының алып жүрген құндылықтары мен рухани негізі басым.
"Әдетте, бұл күні адамдар жаман ниеттен арылып, жаңарып, баршаға көмектесіп отырады.Сондай-ақ бұл күндері адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, реніштерін кешіріп, Наурыз- батасын береді.Наурыз жаңару мен жаңғырудың символына айналуы тиіс. Сондықтан да "Наурыз мейрамының жыл басы, барлық істің бастауы" екенін балабақшадан бастап әрбір азаматтың санасына сіңіретін Наурызды тойлаудың ұлттық тұжырымдамасын қабылдау қажет" деп есептеймін.Әли Бектаев
Сондай-ақ депутат Наурыз мейрамының маңызын зерттейтін ғылыми орталық құру қажет деп есептейді. Сондай-ақ, оның пікірінше, бұл мерекені көп балалы отбасыларға, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған жалпыұлттық акция ретінде өткізу қажет.
Наурыз – Орталық Азия мен Таяу Шығыстың көптеген елдерінде тойланатын көктем мен жаңа жыл мерекесі.